ҚР Энергетика вице-министрі қала тұрғындарымен кездесті

ҚР Энергетика вице-министрі Ерлан Аккенженов Шымкент қаласына жұмыс сапары аясында қала тұрғындарымен кездесіп, мәселелерін тыңдады.

Алдымен министрлік тарапынан елімізде және үшінші мегаполисте энергетика және инфрақұрылымды дамыту бағытында қолға алынған іс-шаралар жайында баяндады. Отын-энергетикалық кешенінің қазіргі жағдайына тоқталып өтті.

Вице-министрдің мәліметінше, 2024 жылдың қаңтар-шілде айында өңірімізде электр энергиясын өндіру көлемі 1,3 млрд кВтсағ. құраған. Бұл жағдайда өңірдің тұтыну көлемі – 3,9 млрд кВт сағ. Ерлан Құдайбергенұлы бүгінгі таңда елімізде өңірлерді газдандыру бойынша Шымкент қаласы жоғары көрсеткішке ие екендігін айтты.

– 2025 – 2026 жылдарға арналған бюджеттік бағдарлама шеңберінде «Шымкент қаласының Ынтымақ шағынауданында 110/35/10 кВ кіші станция және 110 кВ электр желілерін салу» жаңа жобасын іске асыруға 5,0 млрд теңге мөлшерінде қаражат бөлу қарастырылуда.

Жобаны іске асыру кезінде Ынтымақ, Батыс, Солтүстік саяжай, Жаңатұрлан, Темірші әулие шағынаудандарының 45 мыңға жуық тұрғыны және Шымкент қаласының солтүстік-батыс бөлігіндегі әуежайдың жаңа терминалы үздіксіз электрмен қамтамасыз етіледі.

Жалпы, бүгінгі таңда Шымкент қаласының газдандыру деңгейі еліміз бойынша жоғары көрсеткіштерге ие. 2024 жылға республикалық бюджеттен 9 жобаны іске асыруға 10,4 млрд теңге қарастырылды (4-і жалғасуда, 5-і жаңа). Жобаларды іске асыру нәтижесінде келешекте қосымша 80 мыңнан астам адам табиғи газға қол жеткізе алады және газдандыру деңгейі 100 %-ды құрайды, – деді Ерлан Құдайбергенұлы.

Сондай-ақ, 2023 жылы Шымкент МӨЗ-ін 12 млн тн-ға дейін кеңейтудің базалық жобасы басталды (қолданыстағы қуаты – 6 млн тн.). Кеңейту шеңберінде 12 млн тоннаға дейін мұнай өңдеу жоспарланған. Жобаны іске асырудың нәтижесінде шамамен 4000 уақытша жұмыс орны мен 1200 тұрақты жұмыс орны құрылмақ.

Кездесуде тұрғындар табиғи газ, сұйық газ және инфрақұрылымға қатысты сұрақтарын қойды. Атап айтқанда, Ынтымақ елді мекенін газбен қамтамасыз ету, жылу жүйелерінің тозуын төмендету бойынша қолға алынған жұмыстардың барысы және тағы басқа сауалдарға вице-министр нақты жауап берді.

Вице-министрдің жұмыс сапары аясында азаматтарды жеке қабылдау өткізуі де жоспарланған.

Дереккөз: «Шымкент келбеті«

x

Check Also

Шымкентте «Жайлы мектеп» жобасы жүзеге асуда

Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Қазақстан халқына Жолдауында «Менің тапсырмаммен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы жүзеге асырылып жатыр. 2025 ...

Новая подстанция в Шымкенте решит вопрос качественного электроснабжения целого массива

В Шымкенте ввели в эксплуатацию новую подстанцию мощностью 36 МВт с кабельной линией на 110 кВ, что знаменует важный этап ...