Ордабасылық ұстаз Pеспубликалық байқауда бас жүлдені жеңіп алды

Астана қаласында Республикалық “Оқуға құштар мектеп — оқуға құштар ұлт” жобасы аясында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы білім академиясы ұйымдастырған “Үздік оқырман” республикалық мұғалімдер байқауы өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Жарысқа Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Шұбар ауылына қарасты Д.Қонаев атындағы мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Әлия Өтебек қатысып, жүлделі І орынды жеңіп алды.

Қатысушылар арасынан ең жоғары ұпай жинаған Ә.Өтебек 1-дәрежелі дипломмен марапатталып, 220 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болды.

x

Check Also

Шымкентте мұғалімдер жасанды интеллект құралдарын меңгерді

AMANAT партиясының бастамасымен елімізде білім беру саласын цифрландыру және педагогтердің жасанды интеллект құралдарын меңгеруін күшейту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. ...

Арыс қаласында жаңа «Келешек мектебі» ашылып, үш мектептің мәселесін шешті

Арыс қаласының Тараз мөлтек ауданында жаңа №2 «Келешек мектебі» өз жұмысын бастады. Заманауи білім ордасының ашылуы қаладағы үш мектептегі орын ...