Ордабасыда ІІІ облыстық кітапханашылар слеті өтті

Аудандық орталықтандырылған кітапханада өткен жиын ашық аспан астындағы кітап көрмесін таныстырудан басталды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шараны аудан әкімінің міндетін атқарушы Мейрамбек Ақмұратов және аудандық мәслихат төрағасы Бақдаулет Жұмабеков ашып, құттықтау сөз алды. Сондай-ақ, кітапханашылар жиынына композитор, профессор Бекжігіт Сердәлі, белгілі журналист Роза Нарымбетова бастаған зиялы қауым өкілдері мен өңірдегі кітапханашылар қатысты.

«Фараб» кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова өңірдегі 399 кітапхананың бүгінгі жай-күйіне тоқталып, алда тұрған міндеттерді пысықтады. Келген қонақтар кітапхана ісінің елдің бүгіні мен болашағы үшін алар орны ерекше екенін тілге тиек етті. Сонымен қатар ордабасылық кітапхана майталмандары сөз алып, слеттың маңыздылығына тоқталды. Слеттың екінші сессиясы спикерлердің баяндамасымен жалғасты.

«Түркістан облысы кітапханалары: күрделі мәселелер мен даму жағдайы», «Ордабасы аудандық кітапханалар жұмысы: жағдайы мен жетістіктері», «Түркістан облысы кітапханаларының 2023-2024 жылдардағы жағдайы: аналитика», «Кітапхана саласындағы ер азаматтардың рөлі», «Қазіргі заманғы кітапхана менеджменті» тақырыбында тарқатылған баяндамалар кітапханашылардың алдағы жұмысын оңтайландыру жолында көмекші құрал бола алады.

Кітапханашылар слеті барысында мамандардың шетелдік кітапханалармен байланысып, тәжірибе алмасу, өзге облыстардың үздік мамандарымен онлайн түрде курс алу, кітапханашы мамандығына ер адамдарды тарту туралы ойлар ортаға салынды. Пікір алмасты. Шара соңында Ордабасы ауданының үздік кітапханашылары марапатталды.

Айта кетейік, аталған жиын Түркістан облыстық мәдениет басқармасының және Ордабасы ауданының әкімдігінің қолдауымен, облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының бастамасымен Ордабасы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі ұйымдастырған.

x

Check Also

Түркістанда халықаралық талапқа сай кілем фабрикасы салынады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды түркиялық кәсіпкер әрі инвестор Искендер Капланмен кездесті. Кездесу барысында Түркістанда ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру ...

Келесі жылдары білім гранттарының саны артады — министрлік

Ғылым және жоғары білім министрлігі үш жылдық бюджетте мемлекеттік білім беру гранттарының санын көбейту мүмкіндігіне қатысты түсінік берді. — Қазақстан Республикасында ...