Оқушыларға «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы не үшін керек — Xnews — ақпарат агенттігі

Оқушыларға «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы не үшін керек

Елімізде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы былтырдан бері мектеп бағдарламасына енгізілген. Бағдарламаның мақсаты жайлы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтып берді.

«Жастарды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу мемлекет пен жалпы қоғамды дамытудың басым бағыты. Былтырдан бастап барлық білім беру ұйымдарында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы енгізіле бастағаны белгілі. Биыл наурызда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы белгілеп берген міндеттерге сәйкес аталған бағдарлама жаңартылды», — деді Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында.

Министрдің мәлімдеуінше, жаңартылған бағдарлама «Әділетті Қазақстан — жауапты азамат — прогрессивті ұлт» триадасы шеңберінде адамгершілігі жоғары, адал және табысты тұлғаны тәрбиелеуге бағытталған.

«Жаңартылған бағдарлама шеңберінде оң құндылықтар мен сапалы құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған білім беру және тәрбие жобаларын, әлеуметтік практикаларды іске асыру жұмыстары жалғасады», — дейді ведомство басшысы.

Еске сала кетейік, 2022 жылы Қазақстанда білім беру ұйымдарындағы біртұтас тәрбие беру тұжырымдамасы әзірленетіні белгілі болды.

x

Check Also

Казахстан опередил США по площади восстановления внутренних водоёмов

Казахстан вошёл в десятку стран с наибольшей площадью восстановления пресноводных водоёмов. В рейтинге, который опубликовал проект GEOSTATISTICA, республика заняла шестую ...

Казахстанская AgriTech-компания выводит спутниковую технологию мониторинга животных на международные рынки

ТОО «iGps Tech» разработала спутниковую систему мониторинга сельскохозяйственных животных, которая работает даже в районах без покрытия сотовой связи. Отечественная технология ...