Өңірлік кадр резервінің «Құрылымдық сұхбат» кезеңі өз мәресіне жетті

2024 жылғы 21 тамызда Түркістан облысы әкімі аппаратында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің үйлестіруімен Өңірлік кадр резервіне іріктеудің «Құрылымдық сұхбат» кезеңінің қорытынды отырысы өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне сілтеме жасап.

Іріктеудің мақсаты — өңірдегі білімді, талантты жастар арасынан жаңашыл ойлайтын көшбасшылар мен жас басқарушылардың тобын қалыптастыру.

Айта кету қажет, 2024 жылғы 1 наурызынан бастау алған осы іріктеуге қатысу үшін облыста 634 кандидат онлайн портал арқылы өтініш білдірген.
Оның ішінде, заңнаманы білу тестілеуіне 297 үміткер қатысып, одан әрі жеке қасиеттерін бағалауға 110 үміткер жіберілген. Нәтижесінде, Астана қаласында Асессорлармен өткен «Құзыреттерді бағалау» кезеңіне қатысуға 62 кандидат мүмкіндік алған.

Осы «Құзыреттерді бағалау» кезеңіне жіберілген кандидаттар арасынан 50 кандидат іріктеудің «Құрылымдық сұхбат» кезеңіне жіберіліп отыр. «Құрылымдық сұхбат» кезеңінде кандидаттар өздері таңдаған салалық бағыттары бойынша дайындаған жобаларын қорғап, өз идеялары мен мақсаттарын айта отырып, мүмкін болуы проблемаларды, күтілетін нәтижелерді түсіндірді.

Екі күнге созылған іріктеу кезеңінде жобаларын қорғаған кандидаттар арасынан 30 кандидат комиссия шешімімен кадр резервіне алынатын болады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті

x

Check Also

Түркістанда халықаралық талапқа сай кілем фабрикасы салынады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды түркиялық кәсіпкер әрі инвестор Искендер Капланмен кездесті. Кездесу барысында Түркістанда ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру ...

«Таза Қазақстан» шарасы басталғалы Түркістан облысында 1 млн-ға жуық тал отырғызылған

«Таза Қазақстан» шарасы аясында Түркістан облысындағы республикалық және облыстық маңызы бар жолдарға тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілген. Бұл туралы брифингте облыстық ...