Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Жаңа оқу жылының басында балаларды мемлекеттік қолдау туралы — жалпыға бірдей оқыту және «Мектепке жол акциясы»» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.
Шымкент қаласында «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясын ұйымдастыру және өткізу бойынша іс-шаралар жоспары бекітілген.
2024 жылы 56 183 балаға көмек көрсетіледі. Жоспарланған қаржы 2 400,9 млн.тенге (әр балаға 43 500 т).
Бүгінгі таңда 3 406 балаға 156,7 мың теңге аударылды. Ағымдағы жылдың 10 тамызына дейін 30 мыңға жуық балаға қаржы аударылатын болады. 20 тамызға дейін барлық қаржы игерілетін болады. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Шәмшиева Нұргүл Ақылбекқызы баяндады.
Бұл көмекті беруді мемлекеттік мектептерде жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 Қаулысы негізінде «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» жүзеге асырылады.
«Мектепке жол»: қалай және кімге алуға болады?
Шымкент қаласында 2024 жылдың 1 тамызында «Мектепке жол» жыл сайынғы республикалық акциясы басталды.
Акцияның мақсаты – аз қамтылған, көп балалы, тұрмысы жағдайы төмен отбасылардан шыққан балаларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету, әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.
Бұл көмек мынадай санаттағы отбасының балаларына беріледі:
1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға – 11 390
2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға – 39 841
3) отбасыларда тұратын жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға – 399
4) төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға – 0
5) білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына (бұдан әрі – білім алушылар мен тәрбиеленушілер) – 4 553 Қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен есепке алу тәртібін айқындайды. Қамқоршылық кеңес білім беру ұйымының алқалы басқару органы болып табылады.
Баспасөз конференциясының толық нұсқасын https://www.facebook.com/share/v/85QCRszEyYGhjKSF/?mibextid=oFDknk сілтемесіне өту арқылы көре аласыздар.