Магистратура бойынша мемлекеттік грант иегерлерінің есімдері белгілі болды

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды. Мемлекеттік гранттар Республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша тағайындалды.

Комиссия құрамында министрліктің, мүдделі мемлекеттік органдардың, бiлiм саласы кәсiподақтарының, ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы және қоғамдық ұйым өкілдері болды.

«Білім беру гранттары кешенді тестілеу (КТ) нәтижелері бойынша конкурстық негізде тағайындалды.

Магистратура бойынша білім беру гранттарын тағайындау конкурсына ғылыми-педагогикалық бағытта 75 балдан, бейіндік бағытта 30 балдан жоғары жинаған оқуға түсушілер қатысты. Жалпы конкурсқа 15 196 адам қатысты», — деп жазды Ғылым және жоғары білім министрлігінен.

Болашақ магистранттардың ЖЖОКБҰ-на қабылдау 2024 жылғы 28 тамызға дейін (қоса алғанда) жүргізіледі.

Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімімен ҚР ҒЖБМ және Ұлттық тестілеу орталығының Telegram арналарында танысуға болады.

Дереккөз: kaz.inform.kz

x

Check Also

Көпбалалы отбасыларға Қазақстандағы салық жүктемесі азаяды

2025 жылдың қаңтарында Қазақстанда көп балалы отбасыларды қолдауға бағытталған жаңа норма қабылданды. Салық заңнамасындағы, атап айтқанда ҚР Салық кодексінің 347-бабындағы ...

Увеличение государственной поддержки студенческой молодёжи Казахстана

В целях реализации поручения Главы государства разработана Единая добровольная накопительная система «Келешек». Данная мера государственной поддержки предназначена детям Казахстана в ...