Келесте «Мектепке жол» республикалық акциясы өтті

Келес ауданында «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында мектеп тауарларының жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде жергілікті тұрғындар мен сырттан келген қонақтар оқу құралдарын, киім-кешектерді арзан бағаға сатып алды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аудан орталығында орналасқан «Жеңіс» саябағында өткен жәрмеңкеге Шымкент және Сарыағаш қалалары мен Абай ауылындағы сауда орталықтарының кәсіпкерлері қатысты. Ел ағалары мен демеушілер “Мектепке жол” акциясы аясында мұқтаж жандарға көмек қолын созды.

Бүгінде аудан көлемінде қайырымдылық іс-шарасына жергілікті демеушілерді, әлеуметтік серіктестерді, мемлекеттік ұйымдарды тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ биыл кәсіпкерлермен бірлесіп, шалғайдағы елді мекендерге көшпелі мектеп авто­дүкендерін ұйымдастыру қолға алынды.

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...