«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына байқау жарияланды

Хабарландыру! Құрметті қаламыздың белсенді волонтерлары мен волонтерлік ұйымдары!

Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігімен «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына байқау жарияланғандығын хабарлайды.

Сыйлық волонтерлік қозғалысты дамытуға және қолдауға, сондай-ақ әлеуметтік және қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге елеулі үлес қосқан отандық және халықаралық волонтерлерді, волонтерлік топтарды, волонтерлік ұйымдарды көтермелеуге бағытталған.

Құжаттарды қабылдау 2024 жылғы 25 шілде мен 5 қыркүйек аралығында 15 номинация бойынша жүзеге асырылады:
1. «Үздік волонтерлік ұйым»;
2. «Корпоративтік волонтерлік көшбасшысы»;
3. «Тұрақты даму мақсаттарының көшбасшылары»;
4. «Үздік әлеуметтік көмекші»;
5. «Төтенше жағдайларды жоюға белсенді қатысқаны үшін»;
6. «Хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздеуге белсенді қатысқаны үшін»;
7. «Құқық бұзушылық құрбандарына көмек көрсетуге белсенді қатысқаны үшін»;
8. «Денсаулық сақтауды дамытуға белсенді қатысқаны үшін»;
9. «Салауатты өмір салтын насихаттауға белсенді қатысқаны үшін»:
10. «Білімді әйгілеудегі үлесі үшін»;
11. «Қоршаған ортаны сақтау және қорғау үшін қосқан үлесі үшін»;
12. «Бейбітшілікті, достық пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін»;
13. «Тарихи-мәдени мұраларды сақтауға және дамытуға қосқан үлесі үшін»;
14. «Жануарларды қорғау мәселелерін шешуге қосқан үлесі үшін»;
15. «Әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін».

Өтінімдер волонтерлердің «Qazvolunteer.kz» бірыңғай онлайн-платформасы арқылы (DOC, DOCX, PDF форматында) қабылданады.

Үміткер Сыйлықтың бір номинациясынан артық ізденуші бола алмайды.

«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын тағайындау қағидалары Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 12 қазандағы № 339 бұйрығымен бекітілген.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000021420 — сілтемесі арқылы танысуға болады.

Қаламыздың белсенді волонтерлары мен волонтерлік ұйымдары, баршаңызды «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығының байқауына белсенді қатысуға шақырамыз!

x

Check Also

Түркістан облысында кедейлік деңгейін төмендету шаралары белсенді жүргізілуде

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды кедейлік деңгейін 5,5%-дан асырмау және осы бағыттағы жұмыстарды күшейту жөнінде тапсырма жүктеген болатын. Қабылданған шаралардың ...

Шымкентте 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымының қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары күшейтілуде

Шымкент қаласында 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымында төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осы мақсатта 15 тамыз бен ...