«Фараб» кітапханасында Абай шығармаларын насихаттауға арналған онкүндік жалғасуда

ҚР Үкіметінің Қаулысымен 2020 жылы 10 тамыз – Абай күні болып белгіленді,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл еліміз бойынша ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының 179 жылдығы аясында көптеген іс-шаралар өткізіліп жатыр. Абай күні қарсаңында Облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы тамыз айының басында «Абайды оқы, орында» атты әдеби іс-шаралар онкүндігін бастаған болатын.

Алтыншы күнінде Облыстық жастар ресурстық орталығымен бірлесе отырып, аудан, қалалардан келген 8-14 жас аралығындағы оқушылармен «Біз Абайды білеміз бе?» викториналық ойыны өтті. Ойынға балалар белсенді қатысып, Абай жайлы сұрақтарға жарысa жауап берді. Шара соңында балаларға кітапхананы таныстыру мақсатында экскурсия жүргізілді. Белсенді оқушыларға «Абайдың қара сөздері» жинағы және заманауи комикс кітаптар сыйға тартылды.

Онкүндік барысында кеңейтілген кітап көрмесі, әлеуметтік желілерде танымдық сауалнама, викториналық сұрақтар, сурет байқауы, қара сөздері мен өлеңдерін жатқа айту сайысы сынды мазмұнды шаралар жоспарланған. Аталған іс-шара Абай ескерткішіне тағзым жасаумен қорытындыланбақ.

x

Check Also

«Жетісай» индустриалды аймағында 2 мыңға жуық жұмыс орнымен 11 жоба іске қосылады

Жетісай ауданында өңір кәсіпкерлеріне қолайлы жағдай жасау мақсатында Асықата кентінен 59 гектар жер аумағына «Жетісай» индустриалды аймағы құрылған болатын. Қазіргі ...

Жетісайда биыл заманауи теннис орталығы ашылады

Жетісай ауданында жеке кәсіпкердің инвестициялық қаржысы есебінен ірі медициналық орталық бой көтерді. Асықата кентінде бой көтеріп жатқан «Samruk Medical clinic» ...