Депутаттардың игі ісі — Xnews — ақпарат агенттігі

Депутаттардың игі ісі

«Қайырлы істің қайырымы мол» демекші, бүгін облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішовтың бастамасымен мәслихат депутаттары Отырар ауданында тұратын көп балалы Әлімбековтар отбасына 4 бөлмелі үйді сатып алып берді.

Үйді арнайы табыстауға облыстық мәслихат депутаттары А.Салимов, Е.Хандиллаев және Отырар ауданының әкімі Қ.Жолдыбай келіп, кілтті табыстады.

Сонымен қатар, облыстық мәслихат депутаты А.Салимов сөз сөйлеп, үйлі болу – әр отбасы үшін үлкен мереке екендігін айта келе, үй иелерін жаңа қонысымен құттықтады.

Айта кетсек, үйді алған Әлімбеков Ардақ Ермаханұлы жұбайымен 3 ұл, 3 қыз тәрбиелеп отырған көпбалалы отбасы. Осы күнге дейін бұл отбасы туысының үйінде тұрған. Отағасы Ардақ Ермаханұлы сирек кездесетін дертпен ауырады. Ол облыс әкімі Дархан Амангелдіұлының жеке қабылдауында болып, денсаулығына байланысты шетелде емделуге квота беру және тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы өтінішін білдірген болатын.

Ардақ Ермаханұлының тілегін халық қалаулылары бірауыздан қабыл етіп, бір отбасыны қуантты. Әсіресе, бұл үй балалар үшін айрықша тарту болды.

Өз кезегінде үй иелері халық қалаулыларына алғыстарын білдіріп, ізгі тілектерін білдірді.

Түркістан облыстық мәслихаты

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

Шымкентте тұрғын үймен қамту және өндірістік-логистикалық әлеуетті дамыту жұмыстары жалғасуда

Ғабит Сыздықбеков кезекті қаланы аралау барысында жаңа пәтер кілттерін табыстау рәсіміне қатысып, қоныс тойын тойлап жатқан отбасыларды маңызды оқиғамен құттықтады. ...