Департамент басшысы министрдің алдында баяндама жасады

Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Алматов Ғалымжан Бауыржанұлы ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевқа Департамент тарапынан Түркістан облысында атқарылып жатқан жұмыстар жайында баяндады.

Өз кезегінде Ғалымжан Бауыржанұлы білім беру ұйымдарына жүргізіліп жатқан мониторинг жұмыстарының нәтижесін және проблемалық мәселелерді де атап өтті.

Кездесу барысында Ғани Бектайұлы әсіресе, балалардың құқықтарын қорғау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне басымдық берді. Бұдан бұрын өңірлерде қоғамдық үлкен резонанс тудырған балалардың құқықтарын бұзу фактілері белгілі болған еді. Министр қорғаншылық қызметтің жұмысына сын айтты. Ол мұндай фактілерге алдағы оқу жылында жол бермеуді, атап айтқанда, өңірлерде қорғаншылық қызметінің штаттық санын 5 мың балаға 1 маман есебі бойынша арттыруды тапсырды.

Сонымен қатар министр сапалы педагогикалық құрам қалыптастыру, оның ішінде «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» бағдарламасының жүзеге асырылуы секілді маңызды мәселелерге тоқталды. Оқушылары жоғары нәтиже көрсеткен үздік педагогтерге қолдау көрсету тапсырылды. Сондай-ақ өңірлерге білім беру ұйымдары басшыларының арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту керектігі айтылды.

Естеріңізге сала кетейік, Ғани Бейсембаев Шымкент қаласы мен Түркістан облысы әкімдерінің орынбасарларын және білім басқармалары басшыларын қабылдаған болатын. Кездесу барысында министр білім саласының маңызды көрсеткіштерін арттыру, Мемлекет басшысының тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау бойынша жоғарыда аталған бірқатар міндеттер қойды.

Дереккөз: okg.kz

x

Check Also

Шымкентте мұғалімдер жасанды интеллект құралдарын меңгерді

AMANAT партиясының бастамасымен елімізде білім беру саласын цифрландыру және педагогтердің жасанды интеллект құралдарын меңгеруін күшейту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. ...

Арыс қаласында жаңа «Келешек мектебі» ашылып, үш мектептің мәселесін шешті

Арыс қаласының Тараз мөлтек ауданында жаңа №2 «Келешек мектебі» өз жұмысын бастады. Заманауи білім ордасының ашылуы қаладағы үш мектептегі орын ...