Біздің міндет – мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қызмет!

Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№6 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-сі Түркістан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 28 мамырдағы №92 қаулысымен құрылды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Басты мақсат — «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын бекіту туралы» ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №263 бұйрығы негізінде 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету. Сауықтыру орталығында медициналық, педагогикалық еңбекке баулу және т.б бағыттарда бір мезетте 200 азаматқа қызмет көрсетілетін болады.️

Мекеме ғимаратының толыққанды материалдық-техникалық базамен жабдықталуы көзделуде. Қазан айынан бастап «№6 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-сі штаттық режимде жұмысын бастайды деп жоспарлануда. Мекеме директоры – Сауртаева Гүлнұр Баялықызы.

Біздің мекен-жайымыз: Түркістан облысы, Сауран ауданы, Оранғай елді мекені, Бейбітшілік көшесі №56А.

x

Check Also

Түркістан қаласы, Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі кезекті көшпелі кездесулер аясында Әзімбек Пазылбекұлы Сауран секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...

Түркістан қаласында “Бірлік” мөлтек ауданының арыз-шағымдары тыңдалды!

Қала тұрғындарымен кездесу барысында Әзімбек Пазылбекұлы бүгін Яссы және Бірлік секторының тұрғындарымен кездесті. Бірлік тұрғындарымен кездесу барысында 2024-2025 жылдары тұрғындар ...