Әкімдік блогердің әр сауалына ауқымды жауап берді

«Tik-Tok» әлеуметтік желісінде жарияланған @Baha_92 желі қолданушысының жеке парақшасында жарияланған бейне сауалдарына төмендегідей жауап жолдаймыз,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сауран ауданы бойынша мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз ету үшін республикалық бюджеттен – 47 894,0 мың теңге, облыстық бюджеттен – 88852,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен – 76128,0 мың теңге қаржы қаралған.

Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мемлекеттік қызмет алу үшін есепте тіркелген мүгедектігі бар адамдарға техникалық оңалту құралдарымен тұрақты түрде қамтылуда. Атап айтқанда:
— протез-ортопедиялық құралдарға мұқтаж 282 өтініш тіркеліп, 206 азамат құралдармен қамтылды;
— тифлотехникалық құралға мұқтаж азаматтардан 52 өтініш тіркеліп, 47 құрал түрімен қамтамасыз етілді;
— сурдологиялық көмекке мұқтаж азаматтардан 25 өтініш тіркеліп, 20 құрал түрімен қамтамасыз етілді;
— қоларба құралдарына мұқтаж азаматтардан 89 өтініш тіркеліп, 78 азамат құрал түрімен қамтамасыз етілді;
— мүгедектерді санатори-курорттық емделумен қамтамасыз етуге 457 азаматтардан өтініш тіркеліп, 205 азамат әлеуметтік портал арқылы жолдамамен қамтылды.
— ымдау тілі мамандарының қызметіне 15 өтініштер тіркеліп, 13 қызметпен қамтамасыз етілді;
— міндетті гигиеналық құралдарға мұқтаж азаматтардан 943 өтініш тіркеліп, 894 өтініш қамтылды.

Мүгедектігіне байланысты Гульсара Қожабергенова 2024 жылдың 21 мамырындағы абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасында төмендегі іс-шаралар қарастырылған:
— Санаторлы-курорттық емдеу;
— Жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтері;
— Бөлмелік кресло-арба;
— Серуендік кресло-арба;
— Жөргек;
— Жаялық;
— Тері тазартқыш;
— Киім киюге арналған құрылғылар; (Приспособление для надевания колгот, приспособление для надевания носков)
— Санитариялық жарақтары бар орындық; (кресло-стул с санитарным оснащением)
— Дәретхана бөлмелеріне арналған тірек жиналмалы тұтқалар; (Опорные откидные поручни для туалетных комнат).

Сауран аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан 2022 жылдан бастап оңалтудың жеке бағдарламасында қарастырылған іс-шаралармен толық қамтылуда. Атап айтқанда, 2022 жылдың 10 маусымында міндетті гигиеналық құралдармен (жөргек, жаялық, тері тазартқыш), аталған жылдың 14 маусымында арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтылған. 2023 жылдың 29 мамырында міндетті гигиеналық құралдарымен (жөргек, жаялық, тері тазартқыш) қамтылған. Ағымдағы жылдың 31 мамырында міндетті гигиеналық құралдарымен (жөргек, жаялық, тері тазартқыш), 7 маусымда киім киюге арналған құрылғылармен (Приспособление для надевания колгот, приспособление для надевания носков) қамтылған. «Әлеуметтік қамсыздандыру» бөлімінен 1-топтағы мүгедектігі бар азаматтың қараушысына күтуші ретінде ай сайын төлем жүргізілуде. Сонымен қатар, аталған мүгедектігі бар азаматқа күнделікті «Инватакси» қызметі көрсетіледі.

Қазақстанның ХХХ жылдығы ауылының тұрғыны Г.Кожабергенованың мүгедектігіне байланысты тікелей күтім жасауға анасы бекітілген. 2024 жылы әр тоқсан сайын атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, берілуде.

Азаматша Г.Кожабергеноваға Қазақстанның ХХХ жылдығы ауылы Амангелді көшесінде орналасқан қызметтік пәтерден бір бөлмелі пәтер берілген. Қызметтік үй ауласына тас төселген. Асфальттау жұмыстары қыркүйек айында жүргізіледі. Абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары 2025 жылға жоспарланып отыр. Қызметтік үйлер тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің балансына өткізілген.

Азаматша Г.Кожабергеноваға мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жарияланып, мүгедектер арбасына арналған көтергіш құрал алынған. Мүгедектер арбасына арналған көтергіш құрал азаматша Г.Кожабергеноваға мамыр айында табысталған. Мүгедектер арбасына арналған көтергіштің көтере алатын жүгінің ең ауыр салмағы 200 келіні құрайды.

x

Check Also

Түркістанда халықаралық талапқа сай кілем фабрикасы салынады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды түркиялық кәсіпкер әрі инвестор Искендер Капланмен кездесті. Кездесу барысында Түркістанда ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру ...

«Таза Қазақстан» шарасы басталғалы Түркістан облысында 1 млн-ға жуық тал отырғызылған

«Таза Қазақстан» шарасы аясында Түркістан облысындағы республикалық және облыстық маңызы бар жолдарға тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілген. Бұл туралы брифингте облыстық ...