ҰБТ-дан аз балл жинаған талапкер «Серпінмен» грантқа түсе алады — Xnews — ақпарат агенттігі

ҰБТ-дан аз балл жинаған талапкер «Серпінмен» грантқа түсе алады

«Серпін» — 2014 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан мемлекеттік бағдарлама,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Он жылдан бері халқы тығыз орналасқан еліміздің оңтүстік аймақтарындағы жастарды кадр жетіспеушілігі байқалған Қазақстанның солтүстік, батыс және шығыс өңірлерінде оқытып, жұмысқа орналастыруды мақсат еткен бағдарлама биыл да жалғасын таппақ. 2024 жылы аталған жобаны жүзеге асыру үшін 3 653 грант бөлінген. Оның 800-ден астамы түркістандық түлектерге үлестірілмек. Бұл жайында С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің оқу-әдістемелік бөлімінің әдіскері Нұржан Рүстемова БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді.

— «Серпін — 2050» мемлекеттік бағдарламасымен грант негізінде оқуға түскен студенттер толықтай жатақханамен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, оқу бітірген соң жұмысқа тұруға университет ықпал жасайды. Қазіргі таңға дейін біздің түлектердің барлығы тұрақты жұмыспен қамтылған. Сондықтан ҰБТ нәтижесінде төмен балл жинаған түлектерді аталған бағдарламаның мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануға шақырамын,- деді спикер.

Бүгінгі таңда «Серпін-2050» бағдарламасымен білім беретін жоғарғы оқу орындарының саны 19-ға жеткен. 30-дан аса мамандық түрлеріне студент қабылдап жатқан университетерге құжат қабылдау Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ ғимаратында 20-шілдеге дейін жалғаспақ.

Сонымен қатар, журналистермен кездесуге арнайы келген Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің оқытушысы, профессор Сәуле Маханова, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының магистр, аға оқытушысы Сандуғаш Жиенбай өз университеттеріндегі студенттерге жасалатын жағдайлар мен оқу орындарының артықшылықтары жайында сөз қозғады.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

«Quiz жас буын. Қаржы. Digital. Құқық» интеллектуалды сайысы өтті

Шымкент қаласында жастар арасында қаржылық сауатты, құқықтық мәдениетті және цифрлық білімді арттыру мақсатында жаңа форматтағы «Quiz жас буын. Қаржы. Digital. ...