Түркістандық оқушылар Ұлттық мектеп лигасының жеңімпазы атанды

Елімізде республикалық “Ұлттық мектеп лигасы” ойындары өтіп жатыр,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Жарыстар үш жас ерекшелік бойынша Семей, Астана және Қызылорда қалаларында ұйымдастырылуда. Қазіргі таңда Семей қаласындағы 5-6 сыныптар арасындағы жарыстың қорытындысы бойынша Түркістан облысының оқушылары жалпыкомандалық есепте І орынды жеңіп алды.

Айта кетейік, 2023-2024 оқу жылында Түркістан облысында “Ұлттық мектеп лига” жарыстары спорттың 10 түрінен өткізілді. Осы кезеңде 44 сайыс өтіп, оған 475 командадан 4244 оқушы қатысқан болатын. Облыстық сайыстардың өткізілуі барысында 144 кубок, 1307 медаль сарапқа салынды. Оның ішінде 434 алтын, 444 күміс және 429 қола медаль әзірленген.

Қазіргі таңда 7-8 сыныптар арасындағы жарыс Астана қаласында өтіп жатыр. Әзірге облыс оқушыларының қоржынында 2 алтын, 4 қола бар. Алда шәкірттер тағы да 6 спорт түрінен сынға түспек. Сонымен қатар, шілде айының 7-31 аралығында Қызылорда қаласында 9-11 сыныптар арасындағы жарыстар өткізіледі.

x

Check Also

В Казахстане запускается пилотный проект единого ваучера на спорт, творчество и дополнительное образование

Ежегодно государство финансирует посещение детьми творческих кружков, спортивных секций и программ дополнительного образования. Однако, в ходе проверок были выявлены серьёзные ...

Қазақстанда спорт, өнер және қосымша білім беру бағыттары бойынша бірыңғай ваучер жүйесінің пилоттық жобасы іске қосылады

Мемлекет жыл сайын балалардың шығармашылық үйірмелерге, спорттық секцияларға және қосымша білім беру бағдарламаларына қатысуын қаржыландырып келеді. Алайда жүргізілген тексерістер барысында ...