Түркістандық балуан Құдірет Ерімбетов ресейден елге жеңіспен оралды

VIII «Азия балалары» халықаралық ойындарының күміс жүлдегері Құдірет Ерімбетовті түркістандықтар құрмет-қошеметпен күтіп алды. Түркістан темір жол вокзалына жүлдегерді қарсы алуға қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қозыханұлы мен қалалық мәслихат депутаты Жандос Арыстанов қатысып, спортшыны жеңісімен құттықтады,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, Ресей Федерациясының Якутск қаласында өткен дүбірлі жарыста түркістандық балуан 38 келі салмақта бақ сынап, күміс медальға ие болды. Жарыста чемпиондар мектебінің спортшысы Тәжікстан, Беларусь, Ресей, Әзірбайжан елдерінің спортшыларын жеңіп, финалдық белдесуде өзбекстандық қарсыласқа ғана есе жіберді. Жеке бапкері — Асхат Орынбасаров.

Жас спортшы Құдырет Ерімбетов бұған дейін облыстың жеңімпазы, Қазақстан Республикасының 2 дүркін және халықаралық турнирлердің жүлдегері атанып үлгерген.

Түркістанның мақтанышы Құдірет Базарбекұлы 10 жасынан бастап грек-рим күресімен айналысып келеді. Әбдісалан Нұрмаханов атындағы ОРМБЖСМ-ның жас спортшысы. Сонымен қатар, облыс орталығындағы Жұмабек Еділбаев атындағы №18 мектеп-гимназиясының 9-сыныбында білім алады.

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...