Түркістанда «Серпін» бағдарламасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өтіп жатыр

Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-да «Серпін-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр. Еліміздің солтүстік өңірлеріндегі оқу орындарының өкілдері облыс жастарына жан-жақты мәлімет беруде,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Серпін — 2050» мемлекеттік бағдарламасының мақсаты – халқы тығыз орналасқан еліміздің оңтүстік аймақтарындағы жастарды кадр жетіспеушілігі байқалған Қазақстанның солтүстік, батыс және шығыс өңірлерінде оқытып, жұмысқа орналастыру.

«Серпін — 2050» мемлекеттік бағдарламасымен грант негізінде оқуға түскен студенттер жатақханамен қамтамасыз етілетіндігі және оқу бітірген соң жұмысқа тұруға университет ықпал жасайды.

Биыл бағдарлама шеңберінде елімізде 3653 грант бөлінген.

Осы жылы 800-ден астам түркістандықтар грантқа ие бола алады

«Серпін» бағдарламасы елімізде 2014 жылдан бастап жүзеге асырылып келе жатыр

Ескерту: Бағдарлама тек ауыл түлектеріне арналған. Ақпараттандыру жұмыстары 20 шілдеге дейін жүзеге асады.

x

Check Also

Түркістанда Шауғар тұрғындарының мәселелері тыңдалды

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы кезекті көшпелі кездесу аясында Шауғар секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...

Түркістан қаласы, Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі кезекті көшпелі кездесулер аясында Әзімбек Пазылбекұлы Сауран секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...