Түркістанда IT индустриалды паркі салынады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапарымен Қытай Халық Республикасына барды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Іссапар барысында мақта өңдеу зауытын салу, Түркістан облысына тікелей әуе рейстерін ашу, білім беру, денсаулық сақтау, цифрландыру, туризм, ауыл шаруашылығы саласын дамыту туралы келіссөздер жүргізді. Сондай-ақ, өңір басшысы инвесторлармен кездесіп, бірлескен жобаларды талқылады.

Іссапар аясында облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Марат Айнабек өңірде цифрландыру, ІТ салаларын дамыту мақсатында меморандумға қол қойды. Нәтижесінде Түркістанда ІТ индустриалды паркін салу жоспарлануда.

«Бүгінде технология қарыштап дамып жатыр. IT саласы бойынша білім алушылар саны да артып келеді. Сәйкесінше, бәсекелестер қатары да көбеюде. Осы ретте қоғамдағы цифрлық сауаттылықты арттырудың маңызы жоғары»- деді басқарма басшысы.

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...