Түркістанда «Alemрay» төлем карталарын қайдан алуға болады?

Түркістан қаласының қоғамдық көліктерінде заманауи талаптарға сай барлық жағдайлар жасалуда.

Атап айтқанда, шаһардағы қоғамдық көліктерде төлем жасаудың онлайн әдісін жүзеге асыратын құрылғылар орнатылып жатыр. Солардың бірі – «AlemРay» электронды төлем жүйесі.

Жауапты сала өкілдері жолаушылардың электронды түрде төлем жасауы бұл – көлеңкелі кәсіптің алдын алудың бірден-бір жолы екенін айтады. Сондай-ақ бұл жолаушыларды тасымалдауда ыңғайлы және қаржы ағындарының ашықтығын қамтамасыз етеді, автопарктің кірісін арттырып, жолаушы тасымалдауда мәдениеттілікті қалыптастырады.

«AlemРay» төлем карталарын Түркістан қаласындағы «Қуаныш» базары аялдамасынан және «Қуаныш» базары кеңсе тауарлары павильонындағы (№52) сауда нүктелерінен алуға болады.

Картаны банк қосымшалары немесе Киви терминалы арқылы толтыра аласыз. Ал дайын картаны 2505 нөміріне тіркеп, жол ақысын төлеуге болады.

Қолма-қол 100 теңге төлегенше, «AlemРay»-мен 70 теңге төлеңіз!
Жолыңыз болсын, жолаушы!

x

Check Also

Түркістанда Шауғар тұрғындарының мәселелері тыңдалды

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы кезекті көшпелі кездесу аясында Шауғар секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...

Түркістан қаласы, Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі кезекті көшпелі кездесулер аясында Әзімбек Пазылбекұлы Сауран секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...