Түркістанда «Абай жүлдесі» атты тоғызқұмалақтан турнир өтті

Қазақстан Республикасы мәслихаттарының 30 жылдығы аясында Түркістан облыстық мәслихатының ұйымдастыруымен және Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатының, Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ спорты федерациясының қолдауымен тоғызқұмалақтан «Абай жүлдесі» атты турнир өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысының мәслихатына сілтеме жасап.

Мақсаты: биылғы жылғы мәслихаттардың 30 жылдығын атап өту. Сонымен қатар, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын қолдау және ұлттық ойынымыз — тоғызқұмалақ спортын дәріптеу.

Турнирдің ашылу салтанатына Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов, облыстық мәслихат депутаттары М.Тұрысбеков, Қ.Жантөреева, И.Намазбаева, Б.Шойбеков, Е.Хандиллаев және барлық деңгейдегі депутаттар, мәслихат аппаратының қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, әуесқой ойыншылар және блогерлер, саяси қайраткерлер, қоғам белсенділері қатысты.

Қазақстан Мәслихаттарына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған облыстық турнирді, облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әлмаханұлы құттықтау сөз сөйлеп, ашып берді.

— Бүгінгі турниріміздің «Абай» атындағы деп аталуы тегін емес. Өйткені тоғызқұмалақты Абайдың өзі сүйіп ойнаған. Ол бойында өнері бар жастарды қасына үйіріп, оларға тоғызқұмалақ үйретіп, кейіннен үздік тоғызқұмалақшылармен бірге жұрт қызықтайтын жарыстар өткізіп отырған. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың бастамасымен, Қазақстандық Тоғызқұмалақ федерациясының қолдауымен ұйымдастырылып отырған бұл турнир – Қазақстан мәслихаттарының құрылғанына 30 жылдығына арналады. Абай заманынан дамып келе жатқан тоғызқұмалақ шынайы ұлттық өнерге айналып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса берсін! Баршаңызға бүгінгі сайыста сәттілік пен жетістіктер тілеймін,- деді Н.Әбішов.

Айта кетсек, жалпы жарыс үш кезеңнен тұрады. Турнирдің бірінші кезеңі бойынша аудан, қалаларда іріктеу туры өткізілді. Жалпы саны 64 ойыншыдан тұратын, 12 команда бүгінгі облыстық турнирде бақ сынады. Барлық деңгейдегі депутаттар, мәслихат аппаратының қызметкерлері, БАҚ өкілдері, әуесқой ойыншылар және блогерлер, саяси қайраткерлер, қоғам белсенділері қатысқан облыстық турнирдің жеңімпаздары тамыз айында өтетін үшінші кезең республикалық-финалдық турнирге жолдама алды.

Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар, арнайы кубок, медаль және алғыс хатпен марапатталды. Есептік кезеңде 12 командадан озық шығып Қазығұрт ауданы бірінші орынды жеңіп алды. Ал, жүлделі екінші орынды Жетісай және үшінші орынды Бәйдібек ауданы қанағат тұтты. Бұдан өзге, қатысушыларға арнайы номинация бойынша марапат табыс етілді.

Турнирдің марараттау рәсімінде облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішовке ҚР тоғызқұмалақ федерациясының атынан алғыс білдіріліп, Тоғызқұмалақ тақтасы табыс етілді.

Түркістан облысының мәслихаты

x

Check Also

Представители СМИ посетили рудник «Заречное»

АО «НАК «Казатомпром» организовало пресс-тур на рудник своего дочернего предприятия АО «СП «ЗАРЕЧНОЕ», расположенный в Отырарском районе Туркестанской области. Поводом ...

БАҚ өкілдері Қазатомөнеркәсіптің «Заречное» кеніші жұмысымен танысты

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Түркістан облысының Отырар ауданында орналасқан «ЗАРЕЧНОЕ» БК» АҚ еншілес кәсіпорнының кенішіне баспасөз турын ұйымдастырды. Іс-шараны өткізуге әлеуметтік ...