Түркістан қаласында биыл екі «Жайлы мектеп» ашылмақ — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан қаласында биыл екі «Жайлы мектеп» ашылмақ

Түркістан облысында биыл халық игілігі үшін 29 жайлы мектеп қолданысқа беріледі деп жоспарланған. Оның екеуі Түркістан қаласында салынып жатыр. Құрылыс жұмыстары облыс әкімі Дархан Сатыбалдының жіті қадағалауында,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс басшысы Түркістан қаласында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында бой көтеріп жатқан білмі ұяларының құрылыс алаңдарында болып, жұмыс қарқынын тексерді. Мердігерлермен кездесіп, жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.

– Әлеуметтік нысандардың құрылысын аса жауапкершілікпен жүргізіңіздер. Елдің болашағы – білімді ұрпақтың қолында. Ал білім сапасы көтерілуі үшін мектептер талапқа сай болуы тиіс. Бұл білім ұяларын білікті ұстаздармен жасақтау да аса маңызды. Жұмысты үйлестіріңіздер, – деді Дархан Сатыбалды.

Өңір басшысы облыс орталығында салынып жатқан 2000 орындық жайлы мектептің құрылысын бақылады. Бұл мектеп қаладағы №42 көшеде орналасқан. 4 қабатты нысанның құрылысын «Каратас Майнинг» ЖШС қолға алған. Ғимараттың жалпы ауданы – 20 147 м². Білім ұясы 4 гектар аумақта орналасады. Өткен жылдың қыркүйек айында құрылысы басталған мектепті жыл соңына дейін пайдалануға беру көзделіп отыр.

Түркістандағы «Яссы» шағынауданында салынып жатқан 1200 орындық білім ошағының құрылысын «YDA INSAAT SANAYI VE TICARET ANONIM SIRKETI» АҚ жүргізіп жатыр. Құрылысы 2023 жылдың желтоқсан айында басталған нысанды биыл жыл соңына дейін тапсыру жоспарланған.

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...