Түркістан облысының табиғат жанашырлары «Таза Қазақстан» акциясы аясында игі іске үлес қосты

Еліміздің барлық аумағында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтіп жатыр,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Акция басталғалы Түркістан облысында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Бүгін Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты 7 мекеменің қызметкерлері акцияны қолдап, өздеріне бекітілген аумаққа жаппай тазалық шарасын өткізді.

Табиғат қорғаушылары бастаған, басқарма қызметкерлері қостаған сенбілік өтті.

Таң атпастан қолдарына құрал-саймандарын ұстап, тазалық шарасына кіріскен табиғат жанашырлары күл қоқысты жинап, жол жиегіндегі арамшөптерді шапты. Барлығы арнайы көлікке тиеліп, арнайы полигонға шығарылды.

Мамандардың айтуынша, табиғатты таза ұстау барлығымызға ортақ міндет. Игі іске атсалысқан табиғат жанашырлары аталған шараны тұрақты түрде өткізуді жоспарлап отыр.

Айта кетейік, «Таза Қазақстан» экологиялық шарасы аясында өңірде тазалық жұмыстары жалғасатын болады.

x

Check Also

Түркістанда Ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра – дастан» іс-шарасы өтті

Бүгін Түркістан қаласындағы «Амфитеатр» кешенінде Ұлттық домбыра күніне орай «Домбыра – дастан» атты мерекелік іс-шара өтті. Түркістан облыстық мәдениет басқармасы ...

Шымкентте балалар қауіпсіздігіне бағытталған шаралар күшейтілді

Шымкент қаласында көпқабатты үйлердің терезелерінен балалардың абайсыз құлауын болдырмау мақсатында кешенді алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Биылғы жылы бүгінгі күнге дейін ...