Түркістан облысында туристік ақпараттық тур өтті

Түркістанның туристік тартымдылығын арттыру мақсатында ақпараттық тур ұйымдастырылды. Екі күнге созылған іс-шараға Египет, Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан және Қазақстанның travel-блогерлері қатысты,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қатысушылар алғашқы күнде Арыстан баб кесенесі, Отырар қалашығы сынды тарихи орындарға саяхаттады. Сонымен қатар Түркі елдерінің туристік астанасы атанған Түркістан қаласының рухани-мәдени орындарымен танысты. Түркістан қаласының жергілікті ресторандарында болып, шаһардың қонақжайлылығын сезінді.

Шетелдік travel-блогерлер алдағы уақытта өңірдің табиғаты шырайлы демалыс аймақтарымен танысып, саяхаттап келуге ниетті екендерін жеткізді.

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...