Түркістан облысында жазғы сауықтыру лагерлерінің жұмысы 20 тамызға дейін жалғасады

Түркістан облысында 2024 жылы 30 балаларды жазғы сауықтыру лагері қызмет көрсетуде. 998 мектеп жанындағы лагерлерде 320 641 бала қамтылды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан 35 434 бала бюджет есебінен тегін жазғы сауықтырумен қамтылса, 20 мыңнан аса бала ата-аналар есебінен ақылы демалады. «Қазақстан халқы қоры» есебінен 3421 бала тынығады. Бүгінгі таңда лагерлерде 25 696 бала демалды. Жазғы демалыс 20 тамызға дейін жалғасады.

Демалысты ұйымдастыру жөніндегі облыстық штаб құрамы бекітілген. Штаб өкілдері мен білім басқармасының, білім бөлімдерінің қызметкерлерімен жазғы сауықтыру қызметін ұсынған лагерлердегі балалардың жай-күйі, қауіпсіздігі мен жазғы демалыстың ұйымдастырылуы назарға алынған. Аптасына екі рет мониторинг жасалуда.

Жазғы сауықтыру барысында балалар түрлі бағыттағы танымдық, мәдени, шығармашылық, спорттық шараларға тартылуда. Сондай-ақ әр ауданнан 10 баладан 170 бала Бәйдібек, Отырар, Төлеби, Түлкібас, аудандары мен Түркістан қаласындағы туристік орындарға саяхатқа барды және 50 бала Астана қаласына барады деп күтіліп отыр.

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...