Түркістан облысында есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр

Түркістан облысында жыл басынан бері мектеп оқушылары мен студент жастар және халық арасында нашақорлыққа қарсы 260-тан астам профилактикалық іс-шаралары өткен.

Оған жалпы 44 мыңнан астам адам қатысқан. Сондай-ақ, облыс аумағындағы көшелер мен қоғамдық орындарда арнайы билбордтар және LED экрандарға ескертпелер орналастырылған. Атқарылған іс-шаралардың нәтижесінде жасөспірімдер мен кәмелетке толмағандар арасында қоғамдық орындарда есірткі тұтыну фактілері орын алмаған. Бұл жайында Түркістан облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Амангелді Бурханов брифингте мәлімдеді.

— 2024 жылдың 6 айында есірткінің заңсыз айналымына қатысты 423 дерек тіркелді. Оның ішінде 201-не қылмыстық іс тіркелсе, 222 жағдайда айыппұл салынған. Заңсыз айналымнан 200 килограмм 776,57 грамм есірткі тәркіленді -, деді спикер.

Сонымен қатар, Амангелді Сәпиұлы синтетикалық есірткіге қарсы күрес жайында айтты. Биыл жыл басынан бері синтетикалық есірткімен байланысты 24 дерек анықталып, жалпы 1 килограмнан астам түрлі синтетикалық есірткі заттары тәркіленген.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістанда халықаралық талапқа сай кілем фабрикасы салынады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды түркиялық кәсіпкер әрі инвестор Искендер Капланмен кездесті. Кездесу барысында Түркістанда ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру ...

«Таза Қазақстан» шарасы басталғалы Түркістан облысында 1 млн-ға жуық тал отырғызылған

«Таза Қазақстан» шарасы аясында Түркістан облысындағы республикалық және облыстық маңызы бар жолдарға тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілген. Бұл туралы брифингте облыстық ...