2024 жылдың 5 маусымында Шымкент қаласының дарынды жастарымен бірлесе «контент мейкерлердің» клубы құрылды. Клубтың басты мақсаты қаланың туристік әлеуетін видео және фотомалериалдар арқылы әлеуметтік желілерде жариялау мен насихаттау. Қазіргі таңда клубка 15 адам мүше,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Шымкент қаласының туристік саласын жарнамалау бойынша 50 фото және 110 видеоматериал шығып, әлеуметтік желілерде жарық көрді.
Аталған ақпараттар халық арасында таралып, маңызды туристерді тартатын тетік қызметіне айналуда.
Жалпы қаралым саны 1,5 млн. адамды құраған. Туристерді тартудың бірден-бір құралы – қаланы жарнамалау болып табылады. Осы орайда, а.ж. 28-30 маусым аралығында 15 шетелдік және 15 отандық блогерлерге ақпараттық-блог тур ұйымдастырылды.
Блог турдың қорытындысы бойынша Түркия, Мысыр, Латвия, Әзірбайжан және Қырғызстан елдерінен келген блогерлер 310 видео бейнематериал түсіріп, 108 пост жариялады. Жалпы жарнамалық қаралым саны 4 676 мың. адамды қамтыды.
Шымкентте заманауи қонақ үйлердің артуы туризмнің дамуына айрықша серпін беруде
Биыл темір жол вокзалының реконструкциялау жұмысы аяқталып қолданысқа берілсе, жаңа әуежай терминалы ағымдағы жылдың соңына дейін ашылады.
Заманауи қонақ үйлердің артуы туризмнің дамуына айрықша серпін беретіні анық.
Осы тұрғыда 2024 жылға 8 туристік инвестициялық жобаның құрылыс жұмыстары басталып, жыл соңына дейін іске қосылуы жоспарлануда («Makhambet», «Kazakh Hotel», «Алтай», «Керемет», «Zeinnur-Tau», Dara Garden Hotel, Mardan, «Diamond Hotel»).
Сонымен қатар маусым айында Шымкентте бес жұлдызды қонақ үйдің құрылысы басталды. Әлемге әйгілі «Hilton» қонақ үйі «Шымкент Сити» шағынауданында бой көтеріп, 2026 жылы ашу жоспарлануда. Жалпы қонақ үйде 167 бөлме, 1-ballroom, мейрамханалар, фитнес-орталық және бірнеше конференц – залдар бар. Құрылыстың арқасында 200-ге жуық жаңа жұмыс орындары ашылады.