Түлкібастық мектеп оқушылары төртінші рет «Ұлттық мектеп лигасының» чемпионы атанды

25 маусым мен 3 шілде аралығында Астана қаласында 7-8-сынып оқушылары арасында кіші футболдан өткен «Ұлттық мектеп лигасының» ойындарында Түлкібас ауданына қарасты Ю.Гагарин атындағы мектебінің оқушылары еліміздің орта білім беру мекемелерінің ішінен үздік нәтижеге қол жеткізіп, ел чемпионы атанып отыр,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түлкібастық жас аяқдопшылар жартылай финалда Астана қаласының командасымен жолдары түйісіп, 1-0 есебімен басым түссе, ақтық ойында Павлодар қаласының команадасын 1-0 есебімен жеңіп, бас жүлдені иеленді.

Айта кетейік, осыған дейін де аталған білім беру ұясының оқушылары облыс намысын ел біріншілігінде абыроймен қорғап, үш рет ел чемпионы атанған болатын.

x

Check Also

Қазақстанда спорт, өнер және қосымша білім беру бағыттары бойынша бірыңғай ваучер жүйесінің пилоттық жобасы іске қосылады

Мемлекет жыл сайын балалардың шығармашылық үйірмелерге, спорттық секцияларға және қосымша білім беру бағдарламаларына қатысуын қаржыландырып келеді. Алайда жүргізілген тексерістер барысында ...

Түркістанда Шауғар тұрғындарының мәселелері тыңдалды

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы кезекті көшпелі кездесу аясында Шауғар секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...