Telegram-ның шексіз мүмкіндіктері туралы Workshop өтті

Түркістан облысының Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы мен Turkistan hub Telegram-ның шексіз мүмкіндіктері туралы workshop өткізді,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған шараға 20-ға жуық адам және БАҚ өкілдері қатысты. Воркшопта Turkistan hub менеджері Ғалымжан Айтқалиев спикерлік етіп, телеграмды толық пайдалану жолдарын түсіндіріп өтті. Онда чаттар мен арналар, боттар және олардың автоматтандырылуы, сондай-ақ файлдарды сақтау және бөлісу жайлы айтылды. Шара соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.

Айта кетейік, басқарма тарапынан бұған дейін pizza pitch шарасы өткізіліп, көптің қызығушылығын арттырған еді. Ендігі кезек, тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында бірқатар іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр.

x

Check Also

Ұстаз болу — ұста болу деген сөз

Жайлаубай Назира Тыныштықбайқызы «Физика» пәнін оқытуда шығармашылық ізденісі мен ұстаздық жолда асқан жауапкершілік пен жаңашылдық танытып жүрген ұстаздардың бірі. Шымкент ...

В Казахстане запускается пилотный проект единого ваучера на спорт, творчество и дополнительное образование

Ежегодно государство финансирует посещение детьми творческих кружков, спортивных секций и программ дополнительного образования. Однако, в ходе проверок были выявлены серьёзные ...