«Таза Қазақстан»: Жетісайда 500-ге жуық адам тазалық акциясына қатысты

Жетісай ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық жалпыұлттық акциясы аясында бүгін Ш.Ділдәбеков ауылдық округінде аудандық сенбілік өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған шараға аудандағы барлық мемлекеттік және квазимемлекеттік мекеме қызметкерлерімен қатар аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихат аппараты қызметкерлері мен жергілікті депутаттар, округ тұрғындары қатысты.

Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі тарапынан бөлінген секторларда қатты тұрмыстық қалдықтар жиналып, шөптер шабылды. Арық-атыздар тазаланып, қураған ағаштар қырқылды.

Айта кетейік, аудан әкімінің тапсырмасымен өткен тазалық жұмыстарына 500-ге тарта жетісайлық пен 10 техника жұмылдырылып, 30 тоннадан астам қоқыс шығарылды.

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...