«Таза Қазақстан»: Экоакциясын қолдаушыларға арналған бот іске қосылды

Жыл бойы ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтіп жатыр,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Науқан басталғалы еліміздің түкпір-түкпірінде ауқымды тазалық шаралары ұйымдастырылып, сенбіліктер өтуде. Шараларға мемлекеттік қызметкерлер ғана емес, тұрғындар да белсене қатысуда. Ел азаматтарының белсенділігі туралы Мемлекет басшысы да пікір білдірді:

-«Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясына жүздеген мың адам қатысып, ондаған мың тонна қоқыс жиналды. Мен оларға ризашылығымды білдіремін. Бұл акция тұрақты түрде жалғасады. Аулаларымыз бен көшелеріміздегі, саябақтар мен қорықтардағы, өзен-көлдердегі тазалық пен тәртіптің сақталуы барша азаматқа тікелей байланысты. Біз қоғам ретінде айналамыздағы тазалықтың қадірін біліп, басқа адамдардың еңбегін құрметтеуді үйренуіміз керек-, деді мәлімдемесінде.

Жуырда https://t.me/TazaQazBot боты іске қосылды. Бұл қосымша арқылы ел азаматтары қоқыстарды, тұрмыстық қалдықтарды жинауға, сондай-ақ қаланы абаттандыруға қатысты басқа да мәселелерге өтініш бере алады. Азаматтар өздері туралы мәліметтерді жазып, одан соң тазаланбаған аумақтар жайлы ақпарат беру арқылы акцияға өз үлесін қоса алады.

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...