«Таза Қазақстан»: Абай ауданында тазалық іс-шарасы өтті

Абай ауданы аумағындағы Тұрлан шағынауданы Шмидта көшесінің бойында тұрғындар тазалыққа үлес қосты,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласы ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Іс-шарада Абай ауданы әкімдігі, аудандық коммуналдық мекемесінің қызметкерлері, жастар, тұрғындар белсенділік танытты. Жалпы акцияға 200-ден астам адам қатысты.

Шағынаудан тұрғыны Меруерт Әмірсейіттің айтуынша, тұрғындар әр сенбі сайын аулаларды, көшелерді тазалауда белсенділік танытып келеді. Наурыз айынан бастап шағынауданда тазалық жұмыстары ұдайы өткізілуде.

Акцияға белсене қатысқан көпшілік тазалықты өзімізден бастау керек екенін, қала тазалығы бәрімізге ортақ міндет екенін ұғындырды.

x

Check Also

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...