Шымкентте экоакция аясында алты жерде тазарту жұмысы жүргізілді (видео)

Шымкентте экологиялық акция апталығында алты жерде тазалық жұмыстары атқарылды,-деп хабарлайды «24kz» телеарнасы.

Жасыл желекке күтім жасалып, қураған ағаштар қырқылды. Көше бойлары мен Қошқар ата, Бадам өзендерінің жағалауы күл-қоқыстан тазартылды. Көп қабатты тұрғын үй секторларында, тозығы жеткен ойын алаңдары жаңартылды. Шағын футбол стадиондарының жасанды көгалы ауыстырылып, резеңке төсеніштер қалпына келтірілді. Бүлінген орындықтар жөнделіп, сырлау ісі қоса жүргізілді. Жалпы-халықтық «Таза Қазақстан» науқанына, мыңнан астам адам қатысты.

Жаңагүл Қауымбекова, қала тұрғыны:
— Орындық мүлде отыруға жарамай қалған еді. Оның бәрін ретке келтірді. Енді мына балалар алаңын жақсылап істесе. Үш күн демалысымда мен де атсалысамын. Жинаңдар, шашпаңдар, қоқысты анау орынға апарып тастаңдар деп. Жолға тастамаңдар деп айтып отырамыз.

Марат Тәжібаев, Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары:
— Бізде Әл-Фараби коммуналдық мемлекеттік мекемесі бар. Солар мекеме тарапынан жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Кестеге сәйкес жұмыс істеп жатыр. Бірақ тұрғындардың өтініші істеп жатқанымызды көреді да неге бізге істемейсіздер дейді. Барлығы кестеге сәйкес істелетінін түсіндіру керек. Одан бөлек біз ішкі орамдық көшелердің барлығында асфальт қабатын жамау, төсеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

«Тазалық – табалдырықтан басталады» демекші, қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Тазалықты жанына серік еткен тұрғындар ерекше белсенділік танытуда. Қаламыздың тазалығын сақтау – барлық тұрғындардың парызы. Қоршаған ортаны ластауға жол бермей, тұрмыстық мәдениетті ұстануға шақырамыз. Жанға рахат, көңілге шаттық сыйлайтын тазалық шараларына алдағы уақытта да аудан тұрғындары белсене қатысса, нұр үстіне нұр болар еді

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында Нұршуақ шағынауданы Әл-Фараби көшесінің бойында да тазалық іс-шарасы өтуде.

Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы басшысының орынбасары Жарылқасын Машбектің айтуынша, бұл аумақта тек қана коммуналдық мекеменің жұмысшылары тазалық жұмыстарын атқаруда. Жылдың соңына дейін бекітілген жоспар бар екенін, соған сәйкес тазалық жұмыстары тұрақты жүргізілетінін атап өтті. Айта кетсек, бүгінгі «Таза бейсенбі» іс-шарасында қала тұрғындары да белсенділік танытып жатыр.

© «24kz» телеарнасы

x

Check Also

В Шымкенте недоношенному новорожденному провели две сложные операции

Врачи Шымкентского городского перинатального центра успешно провели одновременно две сложные операции недоношенному новорожденному. Малыш появился на свет на 31-й неделе ...

Шымкентте шала туған нәрестеге күрделі екі ота жасалды

Шымкент қалалық перинаталды орталығының дәрігерлері шала туған нәрестеге бір уақытта күрделі екі ота жасады. Шақалақ 31 апталық мерзімде 2350 грамм ...