Бүгінгі таңда 70-ке жуық сауда орындарында ӘМАТ-ы нарықтан төмен белгіленген бағада сатылып келеді,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Сонымен қатар, ұн, жұмыртқа, нан, күнбағыс майы және ет (сиыр еті, тауық еті) өнімдерін өндіруші кәсіпорындармен келісім-шарттар түзіліп, бекітілген сауда орындарында тауарлар өндіруші бағасымен сатылуда.
Оның ішінде:
— ірі сауда желілері «Magnum» және «Gramad»;
— халықтың тығыз орналасқан аймақтарында орналасқан үй маңындағы дүкендер;
— сиыр етін өндірушілер «Каскасу-С», «Байтерек» және «Алтын төбе» шаруа қожалықтары;
— көкөніс тауарын өндіруші шаруа қожалығы «Колесников»;
— нан пісіруші наубайхана ЖК «Темиршиков NAN ONIMDERI»;
— ұн өндірушілер «Дос» ЖШС, ЖК «Урунбеков М.Л.», ЖК «Анарметов»;
— тауық еті мен жұмыртқасын өндірушілер «Қайнар құс» ЖШС және «Аймар құс», «КазКом Агро» ЖШС;
— күнбағыс майын өндіруші ЖК «Урунбеков М.Л.»;
— күнбағыс майын, құмшекер, күріш өнімдерін жеткізуші «Торговый дом Мейр Трейд» ЖШС.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында айналым механизмі аясында қарыз қаражат беру және форвардтық шарттар түзу жұмыртары іске асып жатыр;
Сондай ақ тұрақты түрде азық-түлік жәрмеңкелерін өткізу, делдалдық қызметті шектеу шаралары жүргізілуде.
Апта сайын азық-түлік жәрмеңкелері ұйымдастырылып, күнделікті тұтынатын тауарлар нарығынан 10-15% төмен бағада сатылуда
Қала әкімдігінің қаулысына сәйкес, апта сайын қаланың 8 жерінде азық-түлік жәрмеңкелері ұйымдастырылып, күнделікті тұтынатын тауарлар нарықтан 10-15% төмен бағада сатылуда.
Жәрмеңкеге жауапты мемлекеттік мекемелер бекітілген.
Атап айтқанда, Шымкент қаласы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасы (Жол қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етіп, кезекшілік жұмыстарын ұйымдастыру), Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті (Санитарлық талаптардың сақталуын қамтамасыз етіп, кезекшілік жұмыстарын ұйымдастыру), Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы, Шымкент қаласының Абай, Қаратау, Тұран ауданы әкімі аппараттары (Жәрмеңкені электр қуатымен, қоқыс контейнерлерімен жабдықтап, тазалық жұмыстарын ұйымдастыру).
Жәрмеңкеге 250-ге жуық тауар өндірушілер, шаруа қожалықтар және көтерме сауда қызметімен айналысатын дистрибьюторлар қатысып, аптасына жалпы 170 – 180 тоннаға жуық әлеуметтік маңызы бар және күнделікті тұтынатын азық-түлік тауарлары нарықтан 10-15 пайызға төмен бағада сатылуда.