Шымкентте 2024 жылы ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тарту бойынша 14 жоба жүзеге асырылып, 104 жаңа жұмыс орны ашылады

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Шымкент қаласында ауыл шаруашылығы және ветеринария саласында жарты жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Қаламызда 2023 жылға қарағанда мал шаруашылығы бойынша өсім байқалады.

Атап айтсақ, ІҚМ 88,3 мың басқа, қой ешкі 102,4 мың басқа, жылқы 17 мың басқа, құс 1 189,2 мың басқа жетіп, нәтижесінде ет 4,5 мың тоннаға жетіп, сүт 30,4 мың тоннаға, 86,3 млн. данаға жұмыртқаға жетті.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2024 жылға бекітілген 12 индикатор толығымен орындалып келеді. Ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тарту бойынша биыл 14 жоба жүзеге асырылып, 104 жаңа жұмыс орны ашылады.

Атап айтқанда:
3 көкөніс сақтау қоймасы, 3 тауарлы сүт фермасы,
2 сүтті қайта өңдеу кәсіпоры, 2 құс шаруашылығы, 1 жылыжай кешені,
1 мал бордақылау, 1 көкөніс өңдеу, 1 құрама жем зауыты.

Биыл Шымкент қаласында жалпы егіс көлемінің 26,5 мың гектарына дақылдар егіліп, 86,0 мың тонна өнім жиналады

Бүгінгі таңда Шымкент қаласында жалпы егіс көлемінің 26,5 мың гектарына дақылдар егіліп, 86,0 мың тонна өнім жиналады.

Атап айтқанда: дәнді дақылдар – 10,9 мың га, малазықтық дақылдар – 9,0 мың га, көкөніс пен бақша – 3,1 мың га, майлы дақылдар – 3,0 мың га, картоп – 0,5 мың га) егілді.

Сонымен қатар, 2024 жылы өнімділікті арттыру мақсатында егін шауашылығы саласын мемлекеттік қолдауға жергілікті бюджеттен 143,2 млн. теңге қаржы қаралған.

Көктемгі егіс жұмыстарына 35,9 тонна жанар-жағармай бөлініп толығымен үйлестірілген.

x

Check Also

Шымкент: Дабыл жүйесі тексеріледі! Проверка системы оповещения!

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары! 21 қараша күні сағат 11:00-де «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары аясында “Дабыл жүйесін тексеру” жүргізіледі. ...

В Шымкенте недоношенному новорожденному провели две сложные операции

Врачи Шымкентского городского перинатального центра успешно провели одновременно две сложные операции недоношенному новорожденному. Малыш появился на свет на 31-й неделе ...