Шымкентке жыл басынан бері 111 733 турист келген

2023 жылдың қорытындысымен жалпы қалаға келген туристер саны 449 098-ге жетті (ішкі туристер саны 420 398, шетелдік туристер саны 28 700 адам). Статистика департаментінің ақпаратына сәйкес, 2024 жылдың 3 айында қалаға 111 733 турист келген,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Оның ішіндегі үздік үштікке: Өзбекстан – 9 844 адам, Ресей Федерациясы – 3 659 адам және Қытай Халық Республикасынан 2 633 адам келген. 2024 жылы орналастыру орындарының саны 148 жетсе, бөлме қорының саны 6 409 бірлікке артып отыр.

Қала аумағында 20 туристік оператор мен 120 аса туристік агенттіктер тұрақты жұмыс жасауда.

Қазіргі таңда, тікелей әуе бағытында 12 ішкі рейс (Астана, Алматы, Ақтау, Атырау, Көкшетау, Жезқазған, Өскемен, Орал, Қостанай, Ақтөбе, Петропавл, Семей) және 5 халықаралық рейс (Мәскеу, Ыстанбұл, Дубай, Анталия, Кутаиси) қатынауда. Әуе хабарламаларының санын көбейту бойынша жұмыстар жүргізуде.

Шымкент қаласында туристерді ең көп қызықтыратын нысандар – тарихи-мәдени кешендер

Шымкент қаласында туристерді ең көп қызықтыратын нысандар «Ибрагим ата», «Қарашаш ана» кесенелері, «Арбат» жаяу жүргіншілер аймағы, «Shymqala» тарихи-мәдени кешені, Бәйдібек би ескерткіші, Зообақ, Сейітжан Қари мешіті, Қошқар ата өзені. Бұдан бөлек, Қазақстандағы алғашқы Дендрологиялық саябақтың да туристер үшін алар орны ерекше.

Сонымен қатар, қала аумағында республикалық маңызы бар 7 тарихи-мәдени нысандар орналасқан (Ибрагим ата, Қарашаш ана, Әбдел Әзіз баба, Қожа салық, Мірәлі баба, Қызыр мұнарасы, Сайрам қалашығы).

Аталған нысандардың ішінде Хызыр, Ибрагим ата және Қарашаш ана кесенелерін жылдың соңына дейін, жеке инвесторлардың есебінен абаттандыру жоспарланған.

x

Check Also

Шымкент: Дабыл жүйесі тексеріледі! Проверка системы оповещения!

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары! 21 қараша күні сағат 11:00-де «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары аясында “Дабыл жүйесін тексеру” жүргізіледі. ...

В Шымкенте недоношенному новорожденному провели две сложные операции

Врачи Шымкентского городского перинатального центра успешно провели одновременно две сложные операции недоношенному новорожденному. Малыш появился на свет на 31-й неделе ...