«Shymkent – Talants show» кеші дарынды жастарды танытатын іс-шара — Xnews — ақпарат агенттігі

«Shymkent – Talants show» кеші дарынды жастарды танытатын іс-шара

Шаһардағы Қазақстан-Түркия достығы саябағында «Shymkent — Talants show» іс-шарасы өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласы ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастырған іс-шара қала тұрғындары мен жастардың жазғы мезгілдегі бос уақытын тиімді өткізу, шығармашылықтарын шыңдау, өнерге деген қызығушылықтарын арттыруды мақсат еткен.

Ашық аспан астында өткен кеште қала тұрғындары мен жастары музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен түрлі көңілді әндер шырқады. Көңілді кеште Еңбекші ауданының белсенді жастары қала тұрғындары мен қонақтарына керемет көңіл-күй сыйлады. Еңбекші ауданының белсенді жасы, дәстүрлі әнші Сәрсенбек Баймұрат және басқа да жастар өз өнерлерін көрсетті.

Сондай-ақ, іс-шарада кез келген қала тұрғыны өз өнерлерін паш етуге мүмкіндік алды.

Айта кетейік, алдағы уақытта қала тұрғындары мен жастардың жазғы мезгілдегі бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында түрлі іс-шаралар тізбегі өз жалғасын табады.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Шымкент қаласында «Таза аула» акциясы: 55 мыңнан астам адам тазалық жұмыстарына қатысты

2026 жылғы 18 сәуірде Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кең ауқымды жалпықалалық тазалық күні өтті. «Таза аула» ...

Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті

Шымкент қаласында еріктілер қозғалысын дамытуға бағытталған маңызды кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараны Шымкент қаласы Жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ өткізді. ...