Шымкент: Әл-Фараби ауданы инфрақұрылым жүйесіне кіретін ауыз су, табиғи газ және электр жарығымен 100% қамтылған

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «2024 жылдың I жартыжылдығындағы Әл-Фараби ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.

Әл-Фараби ауданының аумағы 19 880 га жерді құрайды, халық саны жалпы 234 857 адам. Аудан аумағында 926 көпқабатты тұрғын үй 623 аулаға біріктірілген, 16 633 жеке үй, 6 саябақ, 16 гүлзар, 20 ескерткіш және 12 субұрқақ бар. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары Тажибаев Марат Абдимажидұлы баяндады.

Әл-Фараби ауданы қаламыздың орталық ауданы болғандықтан, инфрақұрылым жүйесіне кіретін ауыз су, табиғи газ және электр жарығымен 100% қамтылған. Аудан аумағында орналасқан 926 көпқабатты тұрғын үйлер 623 аулаға біріктірілген.

«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында тұрғындардан түскен ұсыныстар бойынша 2024 жылы 70 көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында абаттандыру және балалар ойын және спорт алаңшаларын орнату жұмыстарын жүргізу үшін бюджеттен 1 млрд 717 млн. 971 мың 510 тг қаржы қаралған.

Халық қатысатын бюджет жобасы шеңберінде балалар ойын және спорт алаңшаларын орнату жұмыстары 2024 жылдың соңында 78,3%-ға, 2025-26 жылы 100%-ға жетуді жоспарлауда.

Жыл соңына дейін «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында Әл-Фараби ауданында 70 көпқабатты тұрғын үй абаттандырылады
«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында тұрғындардан түскен ұсыныстар бойынша 2024 жылы 70 көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында абаттандыру және балалар ойын және спорт алаңшаларын орнату жұмыстарын жүргізу үшін бюджеттен 1 млрд 717 млн. 971 мың 510 тг қаржы қаралған.

Ал, балалар ойын және спорт алаңшаларын орнату жұмыстары 2024 жылдың соңында 78,3%-ға, 2025-26 жылы 100%-ға жетуді жоспарлауда.

Әл-Фараби ауданының аумағы 19 880 га жерді құрайды, халық саны жалпы 234 857 жетіп отыр.

Бүгінде аудан аумағында 926 көпқабатты тұрғын үй 623 аулаға біріктірілген. Сонымен қатар, 16 633 жеке үй, 6 саябақ, 16 гүлзар, 20 ескерткіш және 12 субұрқақ бар. Аудан қаланың орталық ауданы болғандықтан, инфрақұрылым жүйесіне кіретін ауыз су, табиғи газ және электр жарығымен 100% қамтылған.

Әл-Фараби ауданында жыл соңына дейін 114 бейнекамера орнатылады
Аудан тұрғындарының көшелер мен жолдардағы қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылы 118 көшені жарықтандыру жоспарланған. Сәйкесінше, биылғы жылдың қорытындысымен жарықтандырылатын көше саны 242-ні құрап, әлеуметтік маңызы бар нысандар толық қамтылады.

Сонымен қатар, көпқабатты тұрғын үйлер аулалары мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бейберекет қоқыс тастау мәселесін алдын алу мақсатында цифрландыру басқармасы тарапынан 114 бейнекамера орнату жоспарлануда. Аталған бейнекамералар полиция департаментінің жедел басқару орталығына жалғану жұмыстары да жүргізілетін болады.

Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау – негізгі міндет
Бүгінде Әл-Фараби ауданы бойынша ұзындығы 260 шақырымды құрайтын 390 көше, даңғыл және өткелдер бар. Жолдардың 316 көшесі асфальт болса, 74 көшесін тас жолды құрайды. Жалпы, 2024 жылдың қортындысымен асфальтталған 366 көшемен 94%-ға жету жоспарда.

Ауданның жергілікті тұрғындарына қолайлы орта қалыптастыру және сапалы жол салу және аудандық маңызы бар ішкі орамдық көшелерді де қамту мақсатында жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан 2024 жылы 38 көшеге асфальт жол салу жоспарлануда.

Баспасөз конференциясының толық нұсқасын https://www.facebook.com/share/v/A14yZKx6WaWhpGX6/?mibextid=WaXdOe сілтемесіне өту арқылы көре аласыздар.

x

Check Also

«Айбын–2025» – жастар рухының жарқын көрінісі!

Шымкент қаласы білім басқармасының Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен №1 Оқушылар сарайында «Айбын–2025» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынының Шымкент қалалық іріктеу кезеңінің салтанатты ...

Мерекеге орай ардагерлерге бір реттік әлеуметтік көмек көрсетіледі

Шымкент қаласында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Жеңіс күніне орай бір реттік әлеуметтік көмек көрсету ...