Сауранда заманауи емхана салынбақ — Xnews — ақпарат агенттігі

Сауранда заманауи емхана салынбақ

Түркістан облысында медициналық нысандар санын көбейту, тұрғындардың денсаулығын жақсарту бағытындағы жұмыстар одан әрі жалғасуда. Аталған салаға жеке инвесторларды тарту да жолға қойылған.

Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев жуырда «Viamedis» ЖШС-нің бас директоры Әсет Ахметовпен кездесіп, екіжақты әріптестік мәселесін талқылады. Қос тарап іскерлік байланысты дамытуға ниет білдіре отырып, өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасасты.

– Мемлекет тарапынан өңірде денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары жүріп жатыр. Бұл ретте жеке инвесторларды тартуға да мән берілуде. Бірлесе жұмыс істеуге дайынбыз. Қолдау көрсетіледі, – деді Бейсенбай Тәжібаев.

Осы келісімге сай инвестор тарапынан Сауран ауданында заманауи емхана салынбақ. Емхана толығымен медициналық құрал-жабдықтармен және КТ, МРТ аппараттарымен қамтамасыз етіледі. Сонымен бірге оңалту орталығын салу бойынша де келіссөз жүргізілді.

Сауран ауданында 101 981 тұрғын бар, оның ішінде Сауран аудандық емханасына тіркелген халық саны – 74 326, емханада күндізгі стационарда 171 төсек-орын қарастырылған. Ауданда 31 денсаулық сақтау нысаны бар. Аудандық емхана ғимараты 2017 жылы салынған.

Айта кетейік, Түркістан өңірінде «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық пилоттық жобасы аясында 49 медициналық санитарлық алғашқы көмек нысанының құрылысы басталды. Атап айтқанда, 20 дәрігерлік амбулатория, 23 фельдшерлік-акушерлік пункт және 6 медициналық пункт салынуда.

x

Check Also

В Туркестанской области строится неимеющий аналогов в стране откормочный комплекс

В Сауранском районе динамично ведется строительство одного из крупнейших инвестиционных проектов в сфере агропромышленного комплекса — откормочного комплекса, не имеющего ...

Түркістан облысында елімізде теңдесі жоқ мал бордақылау кешені салынып жатыр

Түркістан облысы Сауран ауданында агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағытындағы ірі инвестициялық жобалардың бірі – елімізде баламасы жоқ мал бордақылау кешенінің құрылысы ...