Сауранда қоғамдық пікір көшбасшыларының кездесуі өтті

Сауран ауданы, Шорнақ ауылдық округіндегі Ахмет Байтұрсынұлы атындағы жалпы орта мектебінде Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің аудандық қоғамдық пікір көшбасшыларының кездесуі өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуді Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің бөлім басшысы Бақытжан Әшірбаев ашып, жүргізіп отырды.

Жиынға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрғазы Тажыбеков, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Оразбек Әміреев, Сауран аудандық прокуратурасының аға прокуроры Нұрлыбек Темірбаев, Түркістан облысы полиция департаментінің өкілі Бекжан Исабай, Түркістан облысы медиация кеңесінің мүшесі, кәсіби медиатор Жұлдыз Өтегенова және аудандық қоғамдық пікір көшбасшылары қатысты.

Кездесуде Мемлекет басшысының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты Қазақстан халқы Ассамблеясының 33 сессиясындағы берілген тапсырмаларын іске асыру бойынша мәселелер қаралды. Жиынның күн тәртібіне сәйкес, медиация тәсілінің сотқа дейінгі және соттағы тиімділігі мен артықшылығы жөнінде Түркістан облысы медиация кеңесінің мүшесі, кәсіби медиатор Жұлдыз Өтегенова баяндама жасады.

Бұдан бөлек, әлеуметтік шиеленістің ықтимал ошақтарын анықтау және алдын алу бойынша Түркістан облысы полиция департаментінің өкілі Бекжан Исабай, бірлік пен келісімді бұзуға бағытталған этносаралық, тілдік және әлеуметтік негіздегі кез келген арандатушылықтың жолын кесу туралы аудандық прокуратурасының аға прокуроры Нұрлыбек Темірбаев хабарлап өтті. Жиында қаралған мәселелер бойынша ұсыныс-пікірлер айтылып, тиісті шешімдер қабылданды.

x

Check Also

Түркістан облысында «Al-Farabi» интеллектуалды ойынына 200 команда қатысып, үздіктері анықталды

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен облыс көлемінде өткізілген «AL-FARABI» интеллектуалды ойынының финалдық кезеңі өз мәресіне ...

Түркістанда «Қоныс аудару» жәрмеңкесі өтті

Түркістан облысында 8 сәуірден бастау алған «Қоныс аудару» жәрмеңкесі бүгін облыс орталығында қорытындыланды. Еліміздің 7 облысынан атап айтқанда Абай, Қарағанды, ...