Сауранда мұқтаж отбасыларға баспана берілді

Бүгінде қоғамда қайырымдылық жасап, елге қол ұшын созатын азаматтар көбейіп келеді. Соның бірі – Сауранның белсенді азаматы Алмат Нұрымбетов. Оның бастамасымен жағдайы төмен 2 отбасыға баспана берілді,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл қайырымдылық іске ауылдың белсенді жастары, аудандық мәслихат депутаттары және жеке кәсіпкерлері бірлесе үлес қосты. Айтулы шараға Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров, аудандық мәслихат төрағасы Сержан Байсбаев, ауданның бас имамы Бауыржан Акауов, ауданның белсенді азаматшасы Бибімария Қарабалаева және ауыл ақсақалдары мен тұрғындары қатысып, игілікті іске атсалысқандарға алғыс білдіріп, қоныс той иелерін құттықтады. Сонымен қатар аудан әкімі мұқтаж жандарға баспана салып, тарту еткен азаматтарға алғыс хат табыстады.

x

Check Also

Түркістанда халықаралық бизнес-форум өтті

Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» украиналық «UBC» компаниясының серіктестері және инвесторларымен бизнес-форум өтті. Халықаралық форумға Украина, Түркия, Грузия, Қытай, Әзербайжан, Өзбекстан ...

Әлемдік көшбасшы компания Түркістан облысында тоңазытқыш шығаратын зауыт ашты

Түркістан облысы, Сауран ауданындағы Шағын өнеркәсіптік парк аумағында «UBC» халықаралық компаниясының тоңазытқыш шығаратын «JASYL SUYQ QAZAQSTAN» зауыты іске қосылды. Зауыттың ...