Сауранда жас мемлекеттік қызметкерлер ант қабылдады

Аудан әкімдігі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімінің аппарат басшысы, аудан әкімдігінің әдеп жөніндегі уәкілі Бахытжан Полатовтың төрағалығымен жиын болып өтті,деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Онда Сауран ауданы бойынша жаңадан мемлекеттік қызметке қабылданған азаматтар ант қабылдады. Атап айтар болсақ, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Бекболат Тасболат, Шорнақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Айман Құрбан көпшілік алдында ант қабылдады.

Аудан әкімінің аппарат басшысы, аудан әкімдігінің әдеп жөніндегі уәкілі Бахытжан Полатов жаңадан қабылданған мемлекеттік қызметкерлерге мемлекеттік қызметтің маңызы мен жауапкершілігі туралы түсіндіріп, олардың жұмысына табыс тіледі.

Сонымен қатар, аудан әкімі аппаратының заң және құқық қорғау органдарымен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы Мақсат Бегалы да мемлекеттік қызметті атқарудағы талап тілектерін айтып, ең бастысы халықтың қызметшісі екенін жеткізіп, сол бағытта жұмыс жүргізуге шақырды.

x

Check Also

Түркістанда Шауғар тұрғындарының мәселелері тыңдалды

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы кезекті көшпелі кездесу аясында Шауғар секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...

Түркістан қаласы, Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі кезекті көшпелі кездесулер аясында Әзімбек Пазылбекұлы Сауран секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...