Сауранда ауыл шаруашылығы саласындағы кеңестің кезекті отырысы өтті

Аудан әкімінің орынбасары Серік Садибаевтың төрағалығымен ауыл шаруашылығы саласы бойынша құрылған кеңестің кезекті отырысы болып өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиналысқа аудандық мәслихат төрағасы Сержан Байсбаев, ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Бекзат Абубакиров, аудандық прокуратура, жер қатыныстары бөлімі, «Тұран Су» мекемесінің өкілі, шаруа қожалық төрағалары, шаруалар, ауыл шаруашылығы мамандары қатысты.

Кеңестің күн тәртібінде 2 мәселе қаралды. Бірінші мәселе бойынша Жүйнек ауылдық округі, Шекербұлақ және «Ырмақ-Өзен» су қоймасынан бостылатын ағын суды пайдалану туралы Жүйнек ауылдық округінің әкімі Төрабай Әбдікәрімов хабарлап өтті. Сонымен қатар, «Тұран Су» ШЖҚ МКК теңгеріміндегі ішкі шаруашылық каналдарында ағын суды жеткізіп беру қызметінің тарифтері туралы Шаға ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы, ауылшаруашылық саласының ардагері Оразгелді Егізбаев баяндама жасады.

Жиналыс барысында шаруашалар тарапынан көптеген ұсыныс-пікірлер айтылып, назарға алынды. Кеңесті қорытындылыған аудан әкімінің орынбасары Серік Садибаев кеңесте айтылған өзекті мәселелер бақылауға алынып, алдағы уақытты тиісті жұмыстар жүргізілетінін жеткізді.

x

Check Also

Түркістан: Шардарадағы жүгері өңдеу зауытында 500-ден аса жұмыс орны құрылады

Облыс көлемінде өңдеу өнеркәсібі ұдайы даму үстінде. Бұл бағытта бірқатар жобалар жүзеге асса, енді бірі ашылуға жақын. Соның бірі – ...

Туркестан: Пляжи в Шардаре приведены в порядок, туристам предоставляются качественные услуги

С начала купального сезона на пляжных территориях Туркестанской области усилили меры безопасности и чистоты. На пляжах в Шардаре устранили раннее ...