Сауран жер қойнауын пайдаланушы кәсіпкерлерімен кездесті

Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров аудан аумағындағы жер қойнауын пайдаланушы кәсіпкерлермен кездесу өткізді,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиынға Сауран ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Мұхтар Исабаев, аудандық статистика басқармасының басшысы Камилжан Нурышов пен жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорын басшылары қатысты.

Кездесуде жер қойнауын пайдаланушылардың ауданға тіркелуі, аудандық статистика басқармасына айлық және тоқсандық есептіліктерді және өнім көлемдерін ауданға мерзімінде тапсыру мәселелері көтерілді. Сонымен қатар, аудан аумағындағы жер қойнауын пайдаланушылар тарапынан өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған төлемдері, ауыр жүк көліктеріне арналған салмақ өлшеуіш таразы орнату туралы мәселелер қаралды. Кәсіпкерлер тарапынан сұрақтар қойылып, ауыр жүк көліктерінің жүруі бағыты бойынша баламалы жол салу ұсынылды. Бұл бойынша жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жолдас Мырзабековке айтылып, алдағы уақытта жобалық сметалық құжаттар әзірлеуді тапсырды.

Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров соңғы жылдары аудан аумағында жер қойнауын пайдалану, қазба жұмыстарының қоршаған ортаға кері әсері туралы түрлі пікірлер айтылып, халық арасында үлкен әлеуметтік мәселелер көтеріліп жатқанын атап өтті.

Сондықтан, кәсіпкерлер құқығын қорғау және жұртшылықтың пікірін назарға алу үшін осындай әлеуметтік мәселелерге тиісті қорытынды шығарып, заңсыз жер қойнауын пайдаланушылардың алдын-алу мақсатында аудан әкімдігі осы кездесуді арнайы өткізіп жатқанын жеткізді.

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...