Сауран ауданына Қазақстан Республикасы ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков арнайы барып, ауданда салынып жатқан құрылыс жұмыстарымен танысты,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауданның әкімшілік іскерлік орталығына 38 гектар жер бөлінген. Қазіргі таңда әкімшілік пен прокуратура ғимараттары пайдалануға берілді. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, полиция бөлімінің және аумақтық органдар ғимараттарының құрылыстары жүргізілуде.
ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков аумақтық органдар ғимаратының және ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылыс жұмыстарын бақылады. Бүгінде құрылыс жұмыстары толық аяқталып, жақында пайдалануға берілгелі отырған аудандық полиция бөлімінің ғимаратын аралап көрді.
Полиция бөлімінде ұлттық экономика вице-министрі аудан тұрғындарымен кездесіп, пікір алмасты. Аудан тұрғындары тарапынан аурухана, мәдениет сарайы, спорт кешені сынды ғимараттар салу туралы өтініштер айтылды. Вице-министр аталған нысандардың құжаттары толық рәсімделсе өз тарапынан қажетті қолдау көрсететінін мәлімдеді.