Сауран әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын үкімет» тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Халық пен билік арасындағы байланысты нығайту мақсатында келуші азаматтардың өтініштерін жеке-жеке тыңдады,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қабылдау барысында аудан тұрғындары өздерін мазалаған мәселелерді тікелей әкімге жеткізіп, шешімдерін табуға мүмкіндік алды. Онда түрлі әлеуметтік, инфрақұрылымдық және коммуналдық мәселелер айтылды. Оның ішінде тұрғын үй құжаттарын рәсімдеу, тұрақты жұмыс сынды мәселелер көтерілді. Әкім тұрғындарды мұқият тыңдап, олардың өтініштері мен ұсыныстарын назарға алды. Кейбір мәселелер сол сәтте шешімін тауып, тиісті мекемелерге тапсырмалар берілді.

Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров жеке қабылдау барысында әрбір тұрғынның мәселесіне үлкен жауапкершілікпен қарайтынын атап өтті. Барлық өтініштерді сараптай, саралай келе заң аясында толықтай жауабын берді. Жиын барысында тұрғындардың бірқатары аудан әкімінің алдағы жұмысына сәттілік тілеп, бастамаларынан зор үміт күтетіндіктерін жеткізді.

x

Check Also

Түркістанда Шауғар тұрғындарының мәселелері тыңдалды

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы кезекті көшпелі кездесу аясында Шауғар секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...

Түркістан қаласы, Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі кезекті көшпелі кездесулер аясында Әзімбек Пазылбекұлы Сауран секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...