Сауран әкімі Шорнақ ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізсін. Олардың барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдарының негізгі бағыттары туралы хабардар етсін және проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндірсін», — деп тапсырма берген болатын.

Осыған орай, бүгін Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров бірінші жарты жылдық бойынша бекітілген кестеге сәйкес, Шорнақ ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Кездесуде аудан әкімі Мақсат Таңғатаров ағымдағы жылдың 6 айында атқарған және алдағы уақытта атқаратын жұмыс жоспарлары туралы баяндап өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аудан әкімі өз баяндамасында ауданды дамыту бағытындағы жоспарларымен бөлісіп, аудан орталығы Шорнақ ауылдық округінде атқарылып жатқан жұмыстар бойынша кеңінен тоқталды. Бұдан соң Шорнақ ауылдық округінің әкімі Бердалы Баймұратовтың ағымдағы жылдың 6 айында атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды.

— «Дана халқымыз «Бірлік бар жерде – тірлік бар» дегендей, біз бүгінге дейін атқарған жұмыстарымызбен қатар, алдағы уақытта ауқымды тірліктер атқаруды жоспарлап отырмыз. Ауданымызды одан әрі көркейту, дамыту, абаттандыру мақсатында кешенді жұмыстар кезең-кезеңімен іске асырылатын болады. «Бірлік — береке бастауы» демекші, елдің бірлігін ұйыстыруда ауыл тұрғындарының үлесі мол болуы керек. Сондықтан ауызбіршілігіміз мықты болса, берекеміз молаяды. Ауылда елді ынтымақ, бірлікке шақыруда, жастар тәрбиесіне қатысты мәселелерді тұрақты түрде насихатталу жұмыстарын жүргізуге ықпал етсеңіздер», — деді Мақсат Асылбекұлы.

Кездесу барысында ауыл тұрғындары тарапынан көптеген сұрақтар қойылды. Атап айтсақ, аудан орталығынан кәсіби-техникалық колледж ашу, көшелерге тас төсеу, Қосмезгіл елді мекеніне балалар ойын алаңын салу, ауыз су ағын су мәселесі, Аша елді мекеніне аялдамалар қою, фелдершерлік акушерлік пункт салу, жол белгілерін орнату, «Батыс-Қытый-Батыс-Еуропа» тас жолының бойына сауда жасауға арнайы орындар қоюды сұранды.

Ауыл тұрғындары тарапынан көтерген барлық мәселелерін мұқият тыңдаған аудан әкімі Мақсат Асылбекұлы оның шешу жолдары бойынша ауылдық округ әкіміне және тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

x

Check Also

Түркістан облысында «Al-Farabi» интеллектуалды ойынына 200 команда қатысып, үздіктері анықталды

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен облыс көлемінде өткізілген «AL-FARABI» интеллектуалды ойынының финалдық кезеңі өз мәресіне ...

Түркістанда «Қоныс аудару» жәрмеңкесі өтті

Түркістан облысында 8 сәуірден бастау алған «Қоныс аудару» жәрмеңкесі бүгін облыс орталығында қорытындыланды. Еліміздің 7 облысынан атап айтқанда Абай, Қарағанды, ...