Сауран әкімі жеке қабылдау өткізді

Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров азаматтарға жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді. Онда аудан әкімінің орынбасары, дербес бөлім басшылары қатысып, бірден жергілікті жерлерде тұрғындарға кеңес берілді,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Негізінен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жер қатынастары мәселелері мен жұмысқа орналасу мәселесі қозғалды. Барлық айтылған мәселелер бойынша өтініш білдірген азаматтарға қолданыстағы заңнама аясында түсініктемелер мен кеңестер берілді. Қосымша уақытты қажет ететін мәселелер одан әрі қарау үшін тиісті бөлімдерге жолданды. Көтерілген мәселелер бақылауға алынды.

Айта кетейік, аудан әкімінің жеке қабылдауы әр аптаның жұма күні, 11:00 — 13:00 аралығында өткізіледі. Қабылдауға алдын ала жазылып кіре аласыз. Мекен-жайы: Шорнақ ауылдық округі, М.Темірбаев көшесі, №30 (Сауран аудандық әкімдігінің ғимараты).

x

Check Also

Түркістанда Шауғар тұрғындарының мәселелері тыңдалды

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы кезекті көшпелі кездесу аясында Шауғар секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...

Түркістан қаласы, Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі кезекті көшпелі кездесулер аясында Әзімбек Пазылбекұлы Сауран секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...