Сауран әкімі: «Жайлы мектепке» баратын жолдың құрылысын қадағалады — Xnews — ақпарат агенттігі

Сауран әкімі: «Жайлы мектепке» баратын жолдың құрылысын қадағалады

Бүгін аудан әкімі Мақсат Таңғатаров Иассы ауылдық округі, Еңбекші Дихан елді мекенінде бой көтеріп жатқан 600 орындық «Жайлы мектепке» баратын жолдың құрылыс жұмыстарын арнайы барып тексерді,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құрылыс нысан басында аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Қуаныш Тәукебаев, тиісті мекеме басшылары болды.

Бүгінгі таңда аталған 600 орындық «Жайлы мектептің» инфрақұрылымдарының құрылыстары жүргізілуде. Онда ауыз су, электр қуаты, жылу, сарқынды су, жол, аяқ жолдар мен көше жарықтары енгізілген. Тапсырыс беруші аудан әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі. Жұмысты «Sunkar Building-A» ЖШС мекемесі жүргізуде. Жобаға сәйкес, асфальт және жаяу жүргінші жолы — 691 метр, 2 дана аялдама жасалуы тиіс. Жолдың ені – 6 метр, екі жақты тас арық, аяқ жолдың ені 1,5 метрді құрайды. Бүгінгі таңға жолдың негізгі жұмыстары жүргізілуде.

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...