Сарыағаштық үздік оқушылар «Қазақстан халқына» қорының есебінен лагерде тынығуда

Сарыағаш ауданы білім бөлімінің басшысы Дәулет Акатов «Машат-Арасан» сауықтыру орталығындағы оқушылармен еркін форматта кездесу өткізді,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жүздесу барысында бөлім басшысы жеткіншектермен пікір алмасып отырғанына қуанышты екенін айтып, бүгінгі жас ұрпақ қандай болуы керектігі туралы ой қозғады.

Кездесуге жазғы сауықтыру орталығындағы балалар қатысты. Оқушылар бөлім басшысымен түрлі тақырыпта пікір алмасып, диалог өрбітті. Еркін форматта сұқбат жүргізді.

Айта кетейік, биыл «Қазақстан халқына» қорының қайырымдылық жобасы аясында Сарыағаш ауданының 300 оқушысына «Машат-Арасан» оқу- сауықтыру орталығына жолдама берілді. 11 маусымда 2 ауысым бойынша 100 бала жазғы тынығу лагерінде демалса, қазіргі таңда, 21 маусымнан басталған 3-ауысымда 100 бала тынығуда. Алдағы 4-ауысымда да 100 бала демалады деп жоспарланып отыр.

x

Check Also

Ұстаз болу — ұста болу деген сөз

Жайлаубай Назира Тыныштықбайқызы «Физика» пәнін оқытуда шығармашылық ізденісі мен ұстаздық жолда асқан жауапкершілік пен жаңашылдық танытып жүрген ұстаздардың бірі. Шымкент ...

В Казахстане запускается пилотный проект единого ваучера на спорт, творчество и дополнительное образование

Ежегодно государство финансирует посещение детьми творческих кружков, спортивных секций и программ дополнительного образования. Однако, в ходе проверок были выявлены серьёзные ...